(KAZ) Елордалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Елордалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауға мұқтаж көп балалы отбасыларға, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық алдында материалдық көмек көрсету.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдаулет Әлмұханов және ҚХА өкілдері оқушыларға мектеп жиынтықтарын табыстап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Елордалық этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен Аналар кеңесінің, «Жомарт жан» орталығының қолдауымен өткен іс –шара барысында 200-ден астам бала мектеп сөмкелерімен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Материалдық көмектің жалпы сомасы 4 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар балалардың назарына қызықты ойын-сауық бағдарламасын ұсынды.

Айта кетейік, аталмыш акцияға елордалық ҚХА жыл сайын белсенді түрде қатысып келеді. Ал жыл басынан бері қалалық Ассамблея мүшелері көрсеткен қайырымдылық және гуманитарлық көмектің жалпы сомасы шамамен 49,5 млн теңгені құрайды.

https://www.instagram.com/p/C_BJ7hUs7kg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

You may also like...