(KAZ) Елордалық Ассамблеяның жас буын өкілдері жастар лагерінде болды

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Елордалық Ассамблеяның жас буын өкілдері жастар лагерінде болды

2024 жылғы 16-17 тамыз күндері Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ –нің ұйымдастыруымен Бурабайда «Жастар жолы» көшпелі жастар лагері өтті. Басты мақсаты – өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамыту, патриоттық сезімін қалыптастыру және қатысушылар арасындағы қарым-қатынас пен өзара түсіністікті нығайту болып табылады.

Лагерь жұмысының салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген елордалық Ішкі саясат басқармасының басшысының орынбасары Ляззат Құсайынова тәрбиелік мәні мол іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, жастарға жақсы демалыс тіледі.

Бағдарламаға сәйкес Астана қаласы ҚХА жастары және өзге де жас буын өкілдері үшін көшбасшылық дағдыларды, коммуникацияларды, кәсіби құзыреттіліктерді және басқа да маңызды дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы тренингтер ұйымдастырылып, шығармашылық конкурстар өткізілді. Тренингтер мен дәрістер барысында арнайы шақырылған «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары Рысбек Конысбаев және басқа да спикерлер құнды әрі пайдалы ақпаратпен бөлісті.
Сондай-ақ қатысушылар өзара ән-би байқауында өз бақтарын сынап, өнерлерін көрсетті. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Екі күндік іс-шара аяқталысымен жастар Бурабайдағы тарих пен жұмбаққа толы Абылайхан алаңына барып, естелік суретке түсті.

Айта кетейік, өз кезегінде қатысушылар ұйымдастырушыларға тағылымы мол іс-шара үшін алғыстарын білдіріп, ерекше әсер мен жағымды эмоциялар алғанын атап өтті.

https://www.instagram.com/reel/C-zHHfNi9aq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

You may also like...