(KAZ) Елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері Абай өлеңдерін оқыды

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері Абай өлеңдерін оқыды

Елордалық ҚХА мүшелері Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Абай күніне орай ұйымдастырылған «Адамзаттың Абайы» атты рухани іс-шарасына қатысты.

Шараның мақсаты ұлы ойшылдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау. Оның аясында “Абай – тұтас бір әлем” атты кітап көрмесі, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі әлем тілдерінде оқылды. Сонымен қатар шарада қазақтың қасиетті қазынасы- Абай мұрасы жан-жақты насихатталып, әндері орындалды.

Айта кетейік, сондай-ақ әдеби шараға белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, Абайтанушы ғалымдар, ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері, кітапханашылар және оқырмандар қатысты.

https://www.instagram.com/p/C-cvsnaMcbh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

You may also like...