(KAZ) Польшаның атақты түркітанушысы елордалық Достық үйінде қонақта болды

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Польшаның атақты түркітанушысы елордалық Достық үйінде қонақта болды

Польша мемлекетінің танымал ғалымы, саясат магистрі Якуб Якусик қалалық Достық үйінде болып, этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мәртебелі мейманға арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Әңгіме барысында ол қазақ тілінде түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті жайлы сөз қозғап, қазақ тілін қалай үйренгенін айтып берді.

Оның айтуынша, ол 2008 жылы Познаньдағы Адам Мицкевич атындағы университетінің түркітану бөліміне оқуға түсіп, қазақ тілін сол жерде үйрене бастады. Содан бері қазақ тілін білу деңгейін арттырып келеді. Ең қызығы, жас ғалым Қазақстан Республикасының Конституциясын поляк тіліне аударған.

Жылы және достық атмосферада өткен кездесу барысында қатысушылар түркітілдес елдердің мәдени мұрасы және тіл мәселелеріне қатысты қызықты тақырыптарды талқылап, өзара пікір алмасты. Сондай-ақ Якуб Якусик қазақ тіліне деген қызығушылығын жасырмай және оны жоғары деңгейде меңгергенін көрсетіп, көпшілікті тәнті етті. Шара соңында Польшадан келген қонаққа қалалық ҚХА атынан естелік сыйлық табыс етілді.

https://www.instagram.com/p/C-VqoPtsuef/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

You may also like...