(KAZ) Еліміздің барлық өңірлерінде “Ассамблея жастары” РҚБ филиалдары жұмыс істейді.

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Еліміздің барлық өңірлерінде “Ассамблея жастары” РҚБ филиалдары жұмыс істейді. Ұйымның басты мақсаты – қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігі негізінде жастарды дамыту және шоғырландыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі шеңберінде жастар бастамаларын қолдау және қазақстандық жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту болып табылады. Сонымен бірге олар түрлі қайырымдылық шараларға қатысып келеді.

Мәселен, «Ассамблея жастары» РҚБ Астана қаласындағы өкілдігінің мүшелері «Игі істер марафоны» акциясы аясында жалғызбасты көпбалалы аналардың және жалғызбасты қарттардың аулаларын қардан тазалау бойынша сенбілікке дәстүрлі түрде қатысуда.

Сондай-ақ олар көше және қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылған коммуналдық сала мамандарына, жедел жәрдем қызметкерлеріне, сондай –ақ қарт адамдарға ыстық тағам мен шай таратып, алғысқа бөленіп жүр. «Жүректен жүрекке» арнайы қайырымдылық жобасының аясында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жинауда да ҚХА жастары белсенділік танытты.

Сонымен бірге елордалық Ассамблея жастары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдап, өз үлестерін қосуда.

https://www.instagram.com/p/C9wD1DzC4am/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

You may also like...