(KAZ) Елордада «Астана многоликая» фестивалі өтті

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Елордада «Астана многоликая» фестивалі өтті

Елорда күніне орай «Жерұйық» саябағында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Астана многоликая» атты ән-би фестивалі өтті.
Іс-шара барысында қалалық этномәдени бірлестіктерге қарасты шығармашылық ұжымдар және жас солистер өнер көрсетті. Сондай –ақ сәндік- қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылып, балалар арасындағы «Сүйікті Астанам!» атты сурет байқауының қорытындысы жарияланды. Жүлделі орындарға ие болған жас суретшілер дипломдар мен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Жиналғандардың назарына қызықты әрі көңілді концерттік бағдарлама ұсынылды. Балаларға тәтті сыйлықтар – балмұздақ таратылды.

Мерекелік кеш қонақтарға тамаша көңіл- күй сыйлап қана қоймай, бірлік пен келісімнің, жақсы көңіл-күйдің айқын нышаны ретінде ерекше әсер қалдырды.

https://www.instagram.com/reel/C9IX535M5VC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

You may also like...