(KAZ) Астанада жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйға тартылды

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Астанада жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйға тартылды

Бүгін елордалық Ассамблея өкілдері № 1, №2 және №3 Көпбейінді қалалық ауруханаларына арнайы барып, жаңа босанған аналарды сәбилердің дүниеге келуімен және Ұлттық домбыра күнімен құттықтап қайтты.

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әміржан Әлпейісов, Аналар кеңесінің мүшесі Айшат Вагапова және Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық
келісім» КММ директорының орынбасары Камета Ибраева жылы лебіздерін білдіріп, қаланың әр перзентханасында 7 шілде күні алғашқы болып туған үш нәрестеге ҚХА логотипі бар домбыраларды сыйға тартты. Ал олардың аналарына гүл шоқтары табыс етілді.

Жыл сайын өткізіліп тұратын игі дәстүрге
айналған іс-шараның мақсаты -домбыраны дәріптеу арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі игілікті істерге жұмылдыру.

https://www.instagram.com/reel/C9Ha-XPsW8-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

You may also like...