(KAZ) Елорда күніне орай қала әкімдігінің алдындағы алаңда Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен қалалық этномәдени бірлестіктерге қарасты шығармашылық

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Елорда күніне орай қала әкімдігінің алдындағы алаңда Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен қалалық этномәдени бірлестіктерге қарасты шығармашылық ұжымдардың қатысуымен «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті.
Шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру, жас ұрпақтың бойында рухани -патриоттық сана -сезімді қалыптастыру, сондай- ақ қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту болып табылады.

Жиналғандардың назарына қызықты әрі көңілді концерттік бағдарлама ұсынылды. Сондай-ақ ересектерге бауырсақ, ал балаларға балмұздақ таратылды .

Мерекелік кеш қонақтарға тамаша көңіл- күй сыйлап қана қоймай, бірлік пен келісімнің, жақсы көңіл-күйдің айқын нышаны ретінде ерекше әсер қалдырды.

https://www.instagram.com/reel/C8km3AkOj37/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

You may also like...