(KAZ) Астанада «Мен елорданың суретін саламын!» атты асфальтқа сурет салудан байқау өтті

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Астанада «Мен елорданың суретін саламын!» атты асфальтқа сурет салудан байқау өтті

Елорда әкімдігінің алдындағы алаңда өткен «Біргеміз» атты фестиваль аясында «Мен елорданың суретін саламын!» атты балалар арасында асфальтқа сурет салудан байқау ұйымдастырылды. Іс шараның мақсаты көркем образдар жасау және эстетикалық талғамды, қиялды дамыту арқылы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады.

Байқауға шартына сәйкес балалар түрлі – түсті борлармен асфальтқа сүйікті елордамыздың көрнекті жерлерін суретке салып, еліне деген құрмет пен сүйеспеншілігін білдірді. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломдар мен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

https://www.instagram.com/reel/C8koLjlMvBU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

You may also like...