(KAZ) Келіссөздер процестерін жүргізу және жанжалдарды шешу дағдыларына оқыту бойынша үш күндік семинар-тренинг аяқталды.

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Келіссөздер процестерін жүргізу және жанжалдарды шешу дағдыларына оқыту бойынша үш күндік семинар-тренинг аяқталды.

Семинар-тренинг барысында қатысушылар әртүрлі этникалық топтардың қатысуымен жанжалдардың түрлері, құрылымы, фазалары, негізгі себептері мен катализаторлары, этносаралық шиеленістің пайда болуының алдындағы ықтимал тәуекелдер және т.б. танысты.

Сондай-ақ БАҚ мен әлеуметтік желілердің қақтығыс барысына әсері, жанжалдардағы жалған ақпарат пен манипуляцияның рөлі, тұтастай алғанда “дұшпандық тілі” ұғымы, оның ерекшеліктері мен салдарымен танысты.

Семинар-тренинг интерактивті жұмыс әдістерін қолдана отырып өткізілді. Қатысушылар өз белсенділіктерін көрсетіп, пікірталастарға қатысып, сұрақтарға жауап берді, пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

Қақтығыстардың алдын алу және оларды ерте тану бойынша ұсыныстар берілді.

Осы іс-шара аясында түрлі этностар мен діндер өкілдерінің қатысуымен қақтығыстарды басқарудың заманауи тәсілдерін белсенді талқылау өтті.

Семинар – тренинг соңында барлық 50 қатысушыға сертификаттар табысталды.

https://www.instagram.com/reel/C739B6ZCjGJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

You may also like...