(KAZ) Елордада Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Елордада Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Қалалық Достық үйінде елордалық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйытқы болуымен Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, қалалық ҚХА мүшелері, Ақсақалдар кеңесінің, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері, ғалымдар және ҚР Қорғаныс министрлігінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің курсанттары қатысты.

Басқосудың негізгі мақсаты – аты аңызға айналған ұлы тұлғаның әскери мұрасын зерделеу, ата –бабаларымыздың ерлігін ұлықтау мен насихаттау арқылы өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен ұлттық сана -сезімді қалыптастыру.

Жиынға модераторлық еткен Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов батырдың соғыс кезіндегі ерен ерлігіне және өз елінің игілігі үшін жасаған қажырлы еңбегіне тоқталып, оның өмір жолы – нағыз патриотизмнің үлгісі екенін атап өтті.

Сондай- ақ іс-шара аяқталысымен қатысушылар әскери колледждің аумағында орналасқан Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды.

https://www.instagram.com/reel/C7W1NZiCleH/?igsh=MXQ4cnByeHkyZzI4eQ%3D%3D

You may also like...