(KAZ) Елордалық Достық үйінде Аналар күніне арналған медиация бойынша кездесу өтті.

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы Qazaqstan jastary қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырған дөңгелек үстелге белгілі медиаторлар мен психологтар, басқа да қоғам белсенділері және жастар қатысты.

Іс-шараға елордалық ҚХА медиация кабинетінің қызметін үйлестірушісі Роза Бекішева модераторлық етті.

Кіріспе сөзінде ол жиналғандарды аталмыш мерекенің пайда болу тарихымен таныстырып өтті.

«Аналар күні біздің елімізде 2012 жылдан бастап аталып өтіп жүргенмен, биыл халықаралық мереке ретінде бірінші рет тойланып отыр. Бұл күн мамырдың екiншi жексенбiсiнде аталып өтеді, биыл 12 мамырға сәйкес келiп отыр. Аналар күні – БҰҰ-ның халықаралық ұйымы мойындаған мереке. Ол көптеген елдерде тойланады. Биыл осы мейрамды атап өтетін елдерге Қазақстан да қосылды. Бұл мерекенің тарихы Америкадан бастау алған. Яғни, XIX ғасырда АҚШ-та пайда болды», – деді Р.Бекішова.

Алғашқы сөз кезегін алған Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова аталған күннің мән-маңызына тоқталды.

«Қазақстан – отбасыға қатысты түрлі халықаралық келісімдер мен шарттардың, жалпы алғанда, гендерлік саясатты белсенді түрде жүзеге асырушы мемлекеттердің бірі. Қазақстан – ежелден Орталық Азия аумағындағы, бәлкім, әлемдік кеңістіктегі ана тұлғасына философиялық көзқараста болған мемлекет. Бұған түрлі мақал-мәтелдер мен күні бүгінге дейін қолданылып жүрген терминологиямыз дәлел. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен ана қай салада да белсенді екенін айтуымыз керек. Бұл сөз қазақтың әу бастан отбасындағы ананың рөліне ерекше мән бергенін көрсетеді. Өйткені бала тәрбиесі анадан басталады», – деді спикер.

 

Толығырақ

You may also like...