(KAZ) Елордалық Ассамблея су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жөнелтті
Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен және елордалық Ассамблеяға қарасты этномәдени бірлестіктердің, ҚХА белсенділерінің, сонымен қатар кәсіпкерлердің қолдауымен республикалық «Жүректен жүрекке» арнайы жобасының аясында өткізілген қайырымдылық шарада гуманитарлық көмек жиналып, Достық үйінің алаңынан арнайы көліктермен Қарағанды және Ақмола облыстарына жөнелтілді.
Аталмыш сауабы мол игі істен қала тұрғындары да қалыс қалмай, гуманитарлық көмек жинау пунктіне қажетті заттарды әкеліп, өз үлестерін қосты.
Бүгінгі таңда қала Ассамблеясының мүшелері және еріктілер жалпы сомасы 5 миллоннан астам теңгеге көмек көрсетті. Достық үйінің алаңынан 3 жүк көлігімен қажетті тауарлар мен 1,5 тонна ұн жөнелтілді.
Айта кету керек, елордалық ҚХА мүшелері қайырымдылық акцияларға тұрақты түрде қатысып келеді. Қайырымдылық қызметі шеңберінде 2023 жылы жалпы сомасы 63 млн.теңгеден астам 17 қайырымдылық акциясы, ал ағымдағы жылы 8 млн. 518 мың теңге сомасына 2 қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.