(KAZ) Алғыс айту күні: мейірімділік пен жылулыққа толы игі істер уақыты

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Алғыс айту күні: мейірімділік пен жылулыққа толы игі істер уақыты

1 наурыз күні елімізде Алғыс айту күні аталып өтіледі. Ерекше мейірімділік пен жылулыққа толы бұл күн қазақстандықтар үшін отансүйгіштікті, достық пен бірлікті насихаттайтын жарқын мерекелердің біріне айналып, мәдени саналуандығымызды ерекше әрлей түсті.

Алғыс айту күні қарсаңында адамдар алғыс айтумен қатар, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп, қайырымдылық жасауға талпынады. Елордалық Ассамблея да сауабы мол істерден қалыс қалмай, қайырымдылық шараларға белсене қатысуда. Мәселен, «Игі істер марафоны» аясында ҚХА мүшелері жалғызбасты адамдардың үйлерін қардан тазартуға көмек көрсетіп, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға азық-түлік себеттерін таратуда.

Сондай-ақ қалалық Ассамблея жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар науқас балаларға көмек көрсетіп келеді. Казіргі уақытта науқас балалардың еміне қаражат жиналып жатыр. Жиналған ақша олардың заңды өкілдеріне табысталатын болады.

Ал ертең, 28 ақпанда “Шарапат” әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қалалық ҚХА шығармашылық ұжымдары жалғызбасты қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жарқын концерттік бағдарламамен өнер көрсетеді. Сонымен қатар шара соңында мерекелік дастархан жайылады.

You may also like...