(KAZ) “Шарапат” әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қонақтары үшін қайырымдылық акциясы өткізілді

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

 

 

“Шарапат” әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері алғыс айту күніне орай қайырымдылық акциясын өткізді.Іс-шараның мақсаты-Алғыс айту күнін мерекелеу аясында қарт адамдарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөлу және қамқорлық көрсету.

Мекеме қонақтары үшін түрлі тағамдармен мерекелік дастархан жайылып, елордалық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Айта кету керек, мекемеде 300-ден астам жалғызбасты қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар қызмет алады.
Орталықта 10-нан астам түрлі этностардың өкілдері тұрады және әлеуметтік қызметтер алады.

 

 

You may also like...