(KAZ) ҚазҰӨУ жас өнерпаздары Достық үйінде өнер көрсетті

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

 

 

ҚазҰӨУ жас өнерпаздары Достық үйінде өнер көрсетті

«Радима» беларусь мәдени орталығы Қазақ ұлттық өнер университетітінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасымен бірлесіп Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы – көпэтносты елдің өркендеуінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс –шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚазҰӨУ оқытушылары мен студенттері қатысты. Жиналғандар рухани бірлік идеяларын қалыптастыруда, жалпыұлттық бірлікті нығайту мен сақтауда Ассамблеяның рөліне тоқталып, еліміздегі Алғыс айту күнін мерекелеудің мән-мағынасы, елордалық этномәдени бірлестіктердің жұмысы жайлы әңгіме өрбітті.

Кездесу соңы шағын концертке ұласты. ҚазҰӨУ домбыра ансамблінің орындауындағы “Күй шашу”, қырғыз этномәдени бірлестігінің жас солисті Дариға Сатарованың “Жан сыры” әні көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлап, рухани байлыққа кенелтті.

 

You may also like...