(KAZ) Елордалық Ассамблея мүшелері студенттермен кездесу өткізуде

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

 

2024 жылдың 16 ақпанында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары мен студенттерінің Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатовпен кездесуі өтті.

Алғашқы болып сөз сөйлеген тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Ярослава Оспанова Қазақстан этносаралық ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің ерекше оң тәжірибесін жинақтағанын атап өтті.

Өз кезегінде Шерзод Пулатов еліміздегі рухани бірлік идеяларын қалыптастыруда, жалпыұлттық бірлікті нығайту мен сақтауда Ассамблеяның рөлі туралы баяндап, қоғамдағы тұрақтылық- басты құндылығымыздың бірі екендігін атап өтті.

Сондай-ақ кездесу барысында Жаңа Қазақстанның саяси реформаларын іске асырудағы жастардың рөлі, жастар саясаты мен волонтерлік қызметті дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу диалог, сұрақтар, жауаптар форматында өтті және тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.

You may also like...