(KAZ) ҚХА медиаторлары студенттермен кездесу өткізді

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

 

Елордалық ҚХА медиация кабиентінің қызметі аясында 2024 жылғы 13 ақпанда А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының заң пәндері кафедрасында «Радима» беларусь мәдени орталығы төрағасының орынбасары, ҚХА қоғамдық медиаторы Надежда Солдатова “Этносаралық толеранттылық және медиация” тақырыбында дәріс өткізді.

Заңгер мамандығы бойынша оқып жатқан студенттермен диалог режимінде біздің қоғамдағы толеранттылық, этносаралық толеранттылық және медиация мәселелерінің маңызды аспектілері талқыланды. Сондай-ақ кездесу барысында бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі туралы да сөз қозғалды.

Айта кетейік, іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауап ала алды.

You may also like...