(KAZ) Елордалық Достық үйінде Рождестволық шырша мерекесі өтті

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

 

Бүгін қалалық Достық үйінде «Дала өлкесінің казактары» ҚБ Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен балаларға арналған Рождестволық шырша мерекесі өтті.

Мерекелік іс-шараға этномәдени бірлестіктің мүшелері мен балалары қатысты.

Кішкентай меймандар үшін қызыққа толы арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, шырша мерекесіне қатысқан балалар Аяз ата мен Ақшақардан сыйлықтарын алды.

Шара соңында балалар мен олардың ата-аналары естелік суретке түсіп, ерекше көңіл-күйде тарқасты.

You may also like...