(KAZ) Қалалық Достық үйінде балаларға арналған жаңа жылдық қайырымдылық шырша мерекесі өтті

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

 

 

29 желтоқсан күні елордалық Ассамблеяның ұйымдастыруымен және кәсіпкерлердің қолдауымен Достық үйінде SOS Балалар ауылының, әлеуметтік осал топтың балаларына, сонымен бірге ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті.

Мерекелік іс-шараға арнайы келген Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР ПӘ ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ шараға елордалық ҚХА мүшелері қатысты

Кішкентай қонақтар үшін сан алуан қызыққа толы арнайы бағдарлама ұйымдастырылып, шара соңында шырша мерекесіне қатысқан балалар Аяз ата мен Ақшақардан көптен күткен сыйлықтарын алды. Жаңа жылдық шырша әрбір баланың көңілінен шықты. Балалар мен олардың ата-аналары ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, көтеріңкі қөңіл-күйде тарқасты.

You may also like...