(KAZ) Елордалық Ассамблея жастары Тәуелсіздік күніне орай конференция өткізді

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

 
Қалалық Достық үйінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Ассамблея жастары» РҚБ Астана қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен конференция өтті.
Іс-шараға «Ассамблея жастары» РҚБ Астана қаласындағы өкілдігінің жетекшісі Юлия Лагуткина модераторлық етті.

Конференция жұмысына елордалық ҚХА хатшылығының қызметкері Гүлнар Тайгокова, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев қатысты.

Қатысушылар тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің негізгі жетістіктерін талқылап, болашаққа деген көзқарастарымен бөлісті. Сонымен бірге жиын барысында еліміздің тұрақты дамуы үшін маңызды міндеттердің бірі ретінде этносаралық қатынастарды дамыту және нығайту мәселелері сөз етілді.

Шара соңында ұйым белсенділеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан алғыс хаттар табысталды.

You may also like...