(KAZ) ЕҰУ студенттері Достық үйіне экскурсия жасады

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

 

Бүгін Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Достық үйінде қонақта болды.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері ұйымдастырған экскурсия барысында оқушылар елордалық Ассамблеяның тарихымен, этномәдени орталықтардың қызметімен танысып, қолөнер бұйымдарын және түрлі этностардың тұрмыстық заттарын тамашалап қайтты.

Айта кетейік, іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауап ала алды.

You may also like...