(KAZ) Елордада үздік этножурналистер марапатталды

Sorry, this entry is only available in KAZ.

2023 жылғы 30 қарашада Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқау дарынды журналистерді анықтап, олардың қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға және қазақстандық этножурналистика саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін ынталандыру мақсатында өткізілді.

Байқау барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін, жобаларын жариялап, беделін арттыратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда мемлекеттік саясатты кеңінен насихаттайтын және мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтуге бағытталған үздік авторлар іріктелді.

Айта кетейік, бас жүлде алғандардың қатарында Астана қаласы ҚХА Журналистер клубының мүшесі, «Вечерняя Астана» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Екатерина Тыщенко да бар. Әріптесімізді шын жүректен айтулы жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық ізденіс, жемісті еңбек және толағай табыстар тілейміз.

You may also like...