(KAZ) “Ассамблея жастары” РҚБ елордалық өкілдігінің мүшелері Нұра ауданының “Жастар рухы” ЖҚ өкілдерімен бірлесіп “Киновечер” қайырымдылық іс-шарасын өткізді .
2023 жылдың 9-10 қараша аралығында Астана қаласындағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің мүшелері мен Нұра аудандық «Жастар рухы» ЖҚ өкілдері бірлесіп MNU университетінде «Кино кеші» қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Игі шарадан жиналған қаражатқа оқу орындарында қазақ тілін ілгерілетуге арналған әдебиеттер сатып алынып, М.С.Нәрікбаев атындағы кітапханаға табысталды.