(KAZ) «МӘМІЛЕ» КЛУБЫНДА ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІНЕ ОРАЙ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

 

Бүгін қалалық Достық үйінде «Мәміле» қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті. Оған әдеттегідей этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Бұл жолғы сабақ Ұлттық валюта күніне арналды. Мақсаты -төл теңгенің шығу тарихы жайлы, еліміздегі қаржы нарығы туралы тыңдаушыларға кеңінен мағлұмат беру.

Кезекті сабақ барысында қатысушылар алғаш айналымға енген қағаз ақшаларда бейнеленген тарихи тұлғалар туралы айтып, өзге де суреттерді қазақ тілінде атап берді.

«Руханият» КММ оқытушысы, кәсіби маман Сағым Естемісова сабақ берудің жаңашыл әдіс -тәсілдерін қолданып, қатысушылардың мемлекеттік тілді оңай әрі тиімді үйренулеріне ықпал етіп келеді.

Айта кетейік, сабақ нәтижелі және жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

 

You may also like...