(KAZ) Қалалық Достық үйінде Маңғыстау облысының туристік әлеуетін таныстырды

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

 

Елордалық Достық үйінде Маңғыстау облысының Астана қаласындағы мәдени күндері аясында «Марс пейзаждары» фотокөрмесі өтті.
Фотокөрменің мақсаты – Маңғыстау облысының туристік әлеуетін: табиғи, тарихи-мәдени, туристерді қызықтыратын өңірдің көрікті жерлерін фотосуреттер арқылы Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына таныстыру.

Аталмыш көрмеге Маңғыстау облысының (Ернұр Манапхан, Жеңіс Ысқақбай), Астана (Ерболат Шадрахов), Алматы (Фархат Қабдықайыров, Александр Власюк, Александр Кузнецов) қалаларының белгілі фотосуретшілерінің жұмыстары мен 2023 жылдың көктем-жаз айларында түсірілген фототуындылары қойылды. Айта кетейік, «Марс пейзаждары» фото көрмесінің алғашқы тұсаукесері 2023 жылдың 20 тамызында Ақтау қаласының «ШУМ» сауда орталығында облыс пен Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының, сонымен қатар Ресей, Италия туристерінің, жергілікті туроператордың қатысуымен өткен болатын.

You may also like...