(KAZ) АСТАНАДА «АЛТЫН КҮН» VІ БАЛАЛАР ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

 

Елордада ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталық концерт залында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Алтын күн» VІ балалар патриоттық әндер фестивалі өтті.
Шараның негізгі мақсаты-патриоттық тәрбиені дамыту және тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру, сондай-ақ патриоттық ән жанрын насихаттау.

Байқауға Астана қаласының этномәдени бірлестіктеріне қарасты шығармашылық ұжымдардың 6 жастан 16 жасқа дейінгі жас өнерпаздары және «Бақытты шаңырақ» қорының атынан екі бала қатысты. Ереже талабына сәйкес қатысушылар үш жас санаттары бойынша алдын ала іріктелінді.

Әділқазылар алқасының шешімімен 6-10 жас аралығында өнер көрсеткен балалар арасында «Жайхун»қарақалпақ этномәдени бірлестігінің өнерпазы Ясмина Аманжолова топ жарды. 2 орынды «Колхети» грузин этномәдени орталығының жас әншісі Томирис Досқара иеленсе, 3 орын «Алеф» еврей этномәдени бірлестігінің өрені Эвелина Образцоваға бұйырды.

Ал 11-13 жас аралығында өнер көрсеткен жеткіншектер арасынан Алина Бекмағамбетованың бағы жанды. 2 орынды елордалық корей этномәдени бірлестігінің жас мүшесі Регина Ли жеңіп алса, 3 орынды «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің өнерпазы София Корень иеленді.

Сондай-ақ 14-16 жас аралығындағы байқаудың жүлдесін «Бақытты шаңырақ» қорының атынан бәйгеге түскен Мөлдір Жантөре қанжығасына байласа, корей этномәдени бірлестігінің өкілі Анастасия Пак 2 орынға қол жеткізді. 3 орын «Polacy» поляк этномәдени орталығының өнерпазы Алтынай Даулетке бұйырды.

Фестиваль жеңімпаздары мен қатысушыларына бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Айта кетейік, игі дәстүрге айналған аталмыш балалар патриоттық ән байқауы жыл сайын өкізіліп келеді.

 

 

 

You may also like...