(KAZ) Елордалық “Вайнах” халық ансамблі Халықаралық хореографиялық өнер фестивалінің Гран – приін жеңіп алды

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Астана қаласының “Вайнах” шешен-ингуш ансамблі ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Болгарияның Обзор қаласында өткен “Берег танца” халықаралық хореографиялық өнер байқауының бірінші маусымына қатысты. Елордалық Ассамблеяның белсенді шығармашылық ұжымдарының бірі көрсеткен өнерлерімен көзге түсіп қана қоймай, байқаудың Гран-приін жеңіп алды.

Айта кетейік, одан бөлек, олар концерт беріп, көрерменнің шынайы қошеметіне бөленді. Ал Гран-приді жеңіп алу ұжымның таланты мен еңбекқорлығының айқын дәлелі екендігі сөзсіз.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Ханифа Мациева байқаудан алған әсерімен бөлісті.

“Біз өз елімізді лайықты деңгейде және жан-жақты көрсете алдық. Біздің балалар шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар өздерінің адамгершілік тәрбиесін және мінез-құлық мәдениетін көрсетті. Осылайша іс-шара қонақтарын таң қалдырды. Біздің өнерпаздарымыздың жоғары деңгейде өнер көрсеткеніне және қажырлы еңбегіміздің жемісіне өте қуаныштымын. Айта кетерлігі, көрермендер біздің балаларымыздың қойылымдарына еніп кеткені соншалық, олардан қосымша өнер көрсетулерін сұрады”, – деп атап өтті Ханифа Мациева.

Біз өз ісінің кәсіби маманы Ханифа Мациеваның жетекшілігінің арқасында ансамбль халықаралық аренада би өнерінің жаңа шыңдарын бағындырып, қашанда жоғары деңгейде өнер көрсететініне сенімдіміз.
“Вайнах” ансамблін шын жүректен халықаралық байқаудағы тамаша жеңісімен құттықтаймыз және жаңа шығармашылық жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

You may also like...