(KAZ) Елордалық Ассамблеяның жас буын өкілдері жастар лагерінде болды

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Елордалық ҚХА жастары үшін өткен демалыс күндері ұзақ уақыт есте қалатын оқиғаларға толы болды. Неге десек, олар Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған “Жастар жолы” жастар лагеріне барып, демалып қайтты. Айта кетейік, биыл оларға «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы” РҚБ Астана қаласы бойынша филиалының жастары да қосылды.

Лагерь жұмысының салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және елордалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов тәрбиелік мәні мол іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, жастарға жақсы демалыс тіледі.

Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының маңында орналасқан “Greenwood” демалыс базасында өткен екі күндік іс-шара барысында балалардың назарына
ойын-сауық және танымдық бағдарламасы ұсынылды. Ал көшбасшылық дағдыларды, кәсіби құзыреттіліктерді және басқа да маңызды дағдыларды дамытуға бағытталған тренингтер мен дәрістер барысында арнайы шақырылған беделді сарапшылар Мақсат Жақауов, Жандос Каринбаев және Бауыржан Айткаримов құнды әрі пайдалы ақпаратпен бөлісті.

Сондай-ақ қатысушылар өзара ән байқауында өз бақтарын сынап, вокалдық өнерлерін көрсетті. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Бос уақыттарында балалар бір-бірімен әңгіме- дүкен құрып, бассейнде жүзіп, орманда серуендеді. Күн батқасын қатысушылар алаудың жанында жиналып, гитарамен сүйікті әндерін шырқады.

Екі күндік іс-шара аяқталысымен жастар Бурабайдағы тарих пен жұмбаққа толы Абылайхан алаңына барып, еліміздің көк байрағын және Қазақстан халқы Ассамблеясының туын ұстап, естелік суретке түсті.

Айта кетейік, өз кезегінде қатысушылар ұйымдастырушыларға тағылымы мол іс-шара үшін алғыстарын білдіріп, ерекше әсер мен жағымды эмоциялар алғанын атап өтті.

You may also like...