(KAZ) Астанада әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша семинар-тренинг өтті

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Елордалық Достық үйінде қырғыз этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен “Әлеуметтік жобаларды жоспарлау, жобалау, жүзеге асыру, мониторинг жүргізу және орындалу барысына баға беру” атты семинар-тренинг өтті.
Онлайн және оффлайн форматта өткізілген іс-шараға елордалық Ассамблея жастары, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге үлесін қосып жүрген қоғам белсенділері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеуге немесе қайырымдылықпен айналысуға ниет білдірген азаматтар қатысты.

Спикер ретінде сөз сөйлеген бірлестік төрағасы Шавкат Исмаилов түрлі сектордағы әлеуметтік жобаларға қысқаша тоқталып өтті.
Сонымен қатар семинар-тренинг барысында қатысушылар өздерінің креативті және бірегей идеяларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинар-тренингте айтылған ақпарат қатысушыларға қоғамға пайдалы болатын әлеуметтік жобаларды жоспарлауға және жүзеге асыруға көмектеседі.

You may also like...