(KAZ) Достық үйінде Ұлттық домбыра күнін атап өтті

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Қалалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Концерттік бағдарлама барысында өнер көрсеткен Астана қаласы № 2 өнер мектебінің жас домбырашылары мен «Балбұлақ» ансамблі халық әндері мен күйлерін нақышына келтіріп орындап шықты.

Іс-шараға «Ерекше балалары бар ата-аналар одағы» қоғамдық бірлестігінің ата-аналары мен балалары қатысты.

Кішкентай қонақтар үшін арнайы ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты -домбыраны дәріптеу арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі игілікті істерге жұмылдыру. Сонымен бірге өскелең ұрпақ арасында патриоттық сезімді тәрбиелеу, балаларды ұлттық өнерге баулу және халқымыздың қасиетті аспабын ұлықтау.

Шара соңында балаларға тәттілерге толы дастархан жайылды.

You may also like...