(KAZ) Елордада Астана қаласы ҚХА-ның XXI сессиясы өтті

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Қалалық Достық үйінде «Мақсаты бірдің ұлты бір!» атты тақырыпта Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы өтті. Биылғы жылғы сессия елорданың 25 жылдығын және Достық үйінің 5 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды.

Ассамблеяның XXI сессиясының күн тәртібінде үш сұрақ болды: Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының тапсырмаларын іске асыру аясында елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттері, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын сайлау және қалалық ҚХА белсенді мүшелерін марапаттау.

Іс-шара қала әкімінің орынбасары, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Есет Байкеннің төрағалығымен өтті.
Сессия жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғам қайраткері, Гиннес рекордтар кітабының әлемдік рекордшысы Сергей Цырульников, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері және елордалық Ассамблея мүшелері қатысты.

Жиын барысында Л. Прокопенко құттықтау сөз сөйлеп, Ассамблеяның бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастырудағы рөлі туралы қысқаша айтып кетті. Кейін рет-ретімен спикерлер тақырып аясында баяндамалар жасады. Іс-шара соңы алғыс хаттар табыстаумен және естелік суретке түсумен аяқталды.

You may also like...