(KAZ) Астанада “Сабантой” мерекесі аталып өтті

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Іс-шара “Таң” татар-башқұрт мәдени орталығының ұйымдастыруымен, елордалық Ассамблеяның, Астана қаласы әкімдігінің, Қазақстандық татар және башқұрт конгресінің, Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының Өкілетті өкілдігінің, Ресей Федерациясының Елшілігінің және демеушілердің қолдауымен өтті.

Концерттік бағдарлама барысында Татарстан мен еліміздің әртістері өнер көрсетті.

Сондай-ақ алаңда халық ойындары мен жарыстар, татар және башқұрт ұлттық киімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар ұсынылды.

Айта кетейік, «Сабантой» татар және башқұрт халқының ұлттық мерекесі. Ол жыл сайын өткізіледі және адамдардың бойында мейірімділік, әділдік, достық пен толеранттылық қасиеттерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

You may also like...