(KAZ) Елордада «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел өтті
Бүгін қалалық Достық үйінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел өтті.
Басқосуға Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның мүшелері, сондай-ақ Астана қаласы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында сарапшылар мен ғалымдар ел тарихының қайғылы кезеңдеріне шолу жасап, сондай-ақ халықтың ортақ тарихи жадын сақтау арқылы ұлттық бірлікті және қоғамдық келісімді нығайтуға, қазақстандық патриотизмді, жалпыазаматтық бірегейлікті одан әрі дамытуға бағытталған іс-шараларды талқылап, өзекті мәселелерге тоқталып өтті.
Шара соңында жиынға қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.