(KAZ) Астанада этнолингвистикалық мектептердің басшылары мен оқытушыларына арналған әдістемелік семинар өткізілді

Sorry, this entry is only available in KAZ.

Бүгін қалалық Достық үйінде елордалық Ассамблея, қалалық Білім басқармасы және М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының бірлесе ұйымдастыруымен этнолингвистикалық мектептердің басшылары мен оқытушыларына арналған әдістемелік семинар өткізілді.

Бұл жолғы семинар “Баламалы этнолингвистикалық білім беру моделі – тарихи жадыны сақтаудың негізі” атты тақырыппен өтті.

Аталмыш іс-шараның мақсаты – этнолингвистикалық білім беру мекемелерінің басшылары мен оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету, дамыған полиэтникалық тұлғаны тәрбиелеу бойынша этнопедагогикалық білім беруді жетілдіру болып табылады.

Алғашқы болып сөз сөйлеген Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының – Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің қызметкері Гүлнар Тайгокова қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы этнолингвистикалық мектептердің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы директорының ғылыми – әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Зиля Хазимуллина білім беру кеңістігін құрудағы негізгі міндеттер және педагогтың кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіштері туралы сөз етті.

Семинар барысында қатысушылар сабақ сапасын арттыру мәселелерін талқылап, ал тәжіриебе алмасу мақсатында әр мектеп этномәдени білім беру саласындағы өздерінің заманауи форматтағы әдіс- тәсілдерімен бөлісті.

Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта елордада 10 ЭЛМ жұмыс істеп келеді.
Оқушылардың жалпы саны – 430.

You may also like...