(KAZ) Бүгін елордадағы Триатлон саябағында Қазақстан халқы Ассамблеясының, Астана қаласы әкімдігінің және Қазақстан триатлон федерациясының бірлесе ұйымдастыруымен Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған мерекелік жүгіріс өтті.

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының және елордалық Ассамблея мүшелері, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» РММ, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және белсенді жастар қатысты.

Алдымен мерекелік іс-шара барысында түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен саябақта ағаш отырғызылып, жиналғандардың назарына концерттік бағдарлама ұсынылды, ал одан кейін 500 метр, 2,5 және 5 шақырымға жүгіріс ұйымдастырылды.

Жарысқа 300-ден астам әуесқой спортшы қатысты. Салтанатты іс-шараның соңында барлық қатысушылар арнайы медальдармен марапатталды.

 

You may also like...