(KAZ) ТАНЫМАЛ РЕСЕЙЛІК БЛОГЕР ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚОНАҚТА БОЛДЫ

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаевпен Достық үйіне бірге келген танымал ресейлік блогер Иван Червинскиді Астана қаласы әкімдігінің жанындағы “Қоғамдық келісім” КММ директоры Әділхайыр Мырзаханов қарсы алды.

Алдымен Санкт-Петербург қаласынан келген қонак елордалық Қазақстан халқы қызметімен танысты. Ал шағын экскурсия барысында ол дыбыс жазу және ANK LIVE тікелей эфир студияларын аралап, қолөнер бұйымдарын, экспонаттар мен түрлі этностардың тұрмыстық заттарын тамашалады.

Айта кетейік, Иван әлеуметтік желілердегі парақшаларында Қазақстан және оның әлемдік аренадағы жетістіктері туралы ақпараттарды жиі жариялайды.

Сондай-ақ ол спорт және басқа да салаларда жүрген қазақстандықтарды белсенді түрде қолдап, оқырмандардың алғысына ие болып жүр. Сондай-ақ блогер Димаш Құдайберген, Иманбек Зейкенов сияқты танымал қазақстандықтар жайлы әңгімелеп тұрады.

You may also like...