(KAZ) ӨЗБЕКСТАН МЕН РЕСЕЙДЕН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАР ҚАЛАЛЫҚ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ БОЛДЫ

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Бүгін елордалық Достық үйіне Өзбекстандағы ШЫҰ халықтық дипломатия орталығының директоры Кабулжон Сабиров және Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті гуманитарлық институтының халықаралық қатынастар Жоғары мектебінің директоры, тарих ғылымдарың докторы, профессор Сергей Погодин қонаққа келді.

Қонақтарды қалалық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова және Астана қаласы әкімдігі жанындағы “Қоғамдық келісім” КММ директоры Әділхайыр Мырзаханов қарсы алды.

Алдымен көрші елдердің азаматтары Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының бетке ұстар айнасы – Достық үйі және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметімен танысты. Сондай-ақ кездесу барысында елордалық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов оларға орталықтың қызметі туралы баяндап берді.

Ал шағын экскурсия барысында қонақтар қолөнер бұйымдарын, экспонаттар мен түрлі этностардың тұрмыстық заттарын тамашалады.

You may also like...