(KAZ) Елордада Журналистер клубының мүшелері бас қосты
Қалалық Достық үйінде елордалық Ассамблеяға қарасты Журналистер клубының кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында қатысушылар ағымдағы жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстарды пысықтап, алдағы іс-шаралар бойынша жұмыс жоспарын талқылады.
Сондай-ақ жиынға модераторлық еткен ұйым басшысы Аделия Тухбатова жиналғандарды клубтың жаңа мүшелерімен таныстырып, олардың қатарға қосылуы клубтың әлеуетін арттыратынына сенім білдірді .
Сонымен бірге БАҚ өкілдері 26-27 сәуір күндері өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІI сессиясы және мамыр айындағы мерекелік даталарға орайластырылған іс-қимыл шеңберіндегі ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын айқындады.