(KAZ) Ұлттық музейдің ғылыми кітапханасында «Алғыс айту – парызым» атты музейлік сабағы өтті.

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Кездесуге Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM мектебінің оқушылары, музей қызметкерлері және арнайы шақырылған  қонақтар  Астана қаласының «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының құрметті экс-төрағасы,  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Салман Героев, елордалық  «Возрождение» немістер қоғамының мүшесі  Эля Гобона  қатысты.
Іс-шараның мақсаты –  өскелең ұрпақты Қазақстан халқының өміріндегі тарихи оқиғалармен таныстыру, жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және Алғыс айту күнінің мәні туралы түсінік беру.

Сабақ барысында Ассамблея өкілдері оқушыларға  өздерінің еңбек жолдары мен өнегелі өмірімен таныстырып, тарихтан сыр шертетін әсерлі әрі рухты әңгімелерін ортаға салды. Өз кезегінде  оқушылар  айтылған деректерге қызығушылық танытып, спикерлерге өз сұрақтарын қоя алды.  Шара соңында қатысушыларға  музейдің жазба дерекқорынан алынған бейнематериалдар көрсетілді.

You may also like...