(KAZ) Елордалық Ассамблеяның өкілдері № 80 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізді.

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

«Достықтың шегі жоқ» атты іс-шараға спикер ретінде қатысқан Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Әділхайыр Мырзаханов, «Злата» болгар этномәдени орталығының төрайымы Ольга Андриевская, «Ассамблея жастары» РҚБ Астана қаласындағы өкілдігінің төрайымы Юлия Лагуткина тақырып аясында қызықты әрі тартымды ақпаратпен бөлісті.

Олар Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының бетке ұстар айнасы – Достық үйі және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі төңірегінде әңгіме өрбітіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Шара соңында мектеп әкімшілігіне ҚХА атынан арнайы естелік сый табыс етілді.

You may also like...