(KAZ) БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

29 желтоқсан күні  Достық үйінде  елордалық Ассамблеяның ұйымдастыруымен   этномәдени бірлестіктердің,  SOS Балалар ауылының,  әлеуметтік осал топтың  балаларына,  сонымен бірге ерекше қажеттілігі  бар балаларға және  Өмірлік қиын  жағдайға түскен  балаларға қолдау көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне  арналған жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті.

Бүлдіршіндерді шаттыққа бөлеген шырша кеші  «Возрождение» немістер этномәдени бірлестігінің, «Вайнах»  шешен-ингуш этномәдени орталығының  және  «Хазар»  әзірбайжан қоғамдық  бірлестігінің қолдауымен өткізілді.

     Мерекелік іс-шараға  Президент Әкімшілігінің  өкілі,  қалалық  ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов,  сондай-ақ Астана қаласы ҚХА мүшелері қатысты.
Кішкентай  қонақтар үшін  сан алуан қызыққа толы арнайы бағдарлама ұйымдастырылып,  шара соңында  шырша мерекесіне  қатысқан 60-тан астам бала Аяз ата мен Ақшақардың қолынан көптен күткен сыйлықтарын алды.


You may also like...