(KAZ) Қалалық ҚХА Журналистер клубының қорытынды отырысы өтті

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Елордалық ҚХА Журналистер клубының төрайымы Аделия Тухбатова клубтың ағымдағы жылы атқарған жұмыстары туралы баяндап берді. Клуб мүшелері өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында жыл бойы этножурналистика, қаржы және құқықтық журналистика бағыттары бойынша оқу курстарынан өтті.

Сонымен қатар клуб мүшесі, елордалық «Вечерняя Астана» газетінің тілшісі Екатерина Тыщенко Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауында жүлделі орынға ие болды.

Отырыс барысында клубтың 2023 жылға арналған жұмыс жоспары және оның құрамын кеңейту бойынша ұсыныстар қаралды.

You may also like...