(RUS) В столичном доме дружбы прошел очередной урок казахского языка клуба «Мәмiле»

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Бүгін қалалық Достық үйінде елорданың этномәдени орталық өкілдерінің қатысуымен «Мәміле» қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы сабақтың тақырыбы «Ауызша сөйлеу мәнері» болды. Сабақ барысында оқушылар жаңа сөздерді меңгерді.

Астана қаласы әкімдігі тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Руханият орталығы» ММ оқытушысы Сағым Естемісова клубтың ұлт өкілдері мен әртүрлі жастағы адамдардың басын қосуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Отырысқа қатысқан ұйғыр жастар орталығының мүшесі Розалина Махмутова өз пікірімен бөлісті.

«Мен қазақ тілі клубына шақырумен алғаш рет келіп отырмын. Мен қазақ тілін жетік білемін, осыған дейін Қарағанды қаласында өткен республикалық байқауға қатысып, мемлекеттік тілде өлең, мақал-мәтел айтудан сайысқа түсіп, Гран-при жеңіп алдым. «Мәміле» қазақ тілі клубы мен үшін кәсіби әдістеме тұрғысынан қызықты, себебі сабақтарды кәсіби ұстаз жүргізеді», – деді қатысушы.

«Ван» армян орталығының төрағасы Саак Салумян клубқа келіп жүргеніне төрт жылдай болды.

«Мәміле» клубы ашылғалы мен оған белсенді түрде қатыса бастадым. Маған сабақтардың әртүрлі ұлт өкілдеріне бейімделгені ұнайды, тілді толықтай үйренуге мүмкіндік береді. Алған білімнің арқасында дүкенде, тағы да басқа жерлерде қазақ тілінде емін-еркін сөйлесемін. Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді білуі керек деп есептеймін», – деді ол.

Айта кету керек, ️«Мәміле» клубы 2019 жылдан бастап этномәдени орталықтардың өкілдері үшін мемлекеттік тілде еркін және ауызша сөйлеуді қалыптастыру мақсатында жұмыс істейді.


You may also like...