(KAZ) ЕЛОРДАЛЫҚ ҚХА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Бүгін балалар жылы аясында елордалық Достық үйінде Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол – Бар мейірім балаға» ұранымен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауға мұқтаж көп балалы отбасыларға, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық алдында материалдық көмек көрсету.

Акцияның ресми ашылуында Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Нұркен Әбдіғали іс-шараның дәстүрлі болып табылатынын және жыл сайын өткізіліп отыратынын атап өтті.

Қайырымдылық акциясы барысында 100-ге жуық бала мектеп сөмкелерімен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Достық үйіне шақырылған балалар үшін кәсіби аниматорлар ойын-сауық бағдарламасын ұсынды. Мультфильм кейіпкерлерімен бірге балалар қызықты ойындарға қатысты, олар елордалық Ассамблеяның шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен сүйемелденді. Ұйымдастырушылардың қызықты бағдарламасы оларға жақсы көңіл-күй сыйлады.

«Енді менің сөмкем мен оқу құралдарым бар. Мектепке баруға толық дайынмын. Мектебімді, достарымды сағындым. Аниматорлар мен олардың ойындары да өте ұнады», – деп атап өтті Астана қаласының №55 мектебінің 3 сынып оқушысы Айару Жанболатова.

«Мектепке жол» акциясына елордалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен меценаттары белсенді қатысты.

Атап айтқанда, тәжік, өзбек, шешен-ингуш, поляк, орыс, түрік, украин, татар-башқұрт, еврей, әзірбайжан, белорус, неміс, ұйғыр, дүнген, казак, болгар, башқұрт, грузин этномәдени орталықтарының өкілдері, сондай-ақ қайырымдылық жасаушы Сайяф Исмаилов пен қалалық ҚХА Аналар кеңесінен Шапаат Нурахунова игі іске өз үлестерін қосты.

You may also like...