(KAZ) «МӘМІЛЕ» ҚАЗАҚ ТІЛІ КЛУБЫНЫҢ САБАҚТАРЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА БАСТАЛАДЫ

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Астана қаласының Достық үйінде елорданың этномәдени орталық өкілдерінің қатысуымен «Мәміле» қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті.

Бұған дейінгі кездесулерде «Мәміле» қазақ тілі клубының қатысушылары қазақ халқының мәдениеті, дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары туралы әңгімелессе, бүгінгі сабақ «Мен қазақша сөйлеймін» тақырыбына арналды.

Сабақтың негізгі мақсаты – қарым-қатынас кезінде сөздерді тілдік қатынаста пайдалануды үйрену, жинақталған білімді қолдана отырып сөздік қорын толықтыру, екі тілде еркін ауызша сөйлеуді қалыптастыру.

Тілдерді дамыту басқармасының «Руханият орталығының» ММ оқытушысы Сағым Естемісова өткен сабақтарды қорытындылап, осы маусымда сабақтар аяқталып, ағымдағы жылдың қыркүйек айында жалғасатынын атап өтті.

.

You may also like...