(KAZ) ЕЛОРДАЛЫҚ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Бүгін Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты «Референдум – маңызды демократиялық институт» тақырыбында сараптамалық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына «Ассамблея жастары» РҚБ, Астана қаласындағы AMANAT партиясы Алматы аудандық филиалының өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері және жастар қанаттарының мүшелері қатысты.

«Мемлекет басшысы ел Конституциясына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша референдум өткізуді ұсынды. Біздің ортақ миссиямыз – бұл біздің қоғамымыздың даналығы мен кемелдігін тағы да дәлелдеп, Отанымыздың болашағына, оның дамуы мен гүлдену жолына үлкен әсер ететін референдум өткізуге ықпал ету», – деп атап өтті «Ассамблея жастары» РҚБ Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы Анастасия Тимощенко.

«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев жаңа Қазақстанның идеясын түсіндіріп, Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа Қазақстанның идеясын жүзеге асыру тетіктері туралы қоғамдық пікірталастар үшін қолайлы алаң бола алатынын атап өтті.

Отырыс барысында Астана қаласындағы AMANAT партиясы Алматы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Игорь Нессен, күш нөмірлері бойынша әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Гиннестің рекордтар кітабының рекордсмені, қазақ халқының күштік дәстүрлерін жалғастырушы Сергей Цырульников, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің студенті Саян Сұңғатов, «Оберег» укрианцы қоғамының жастар қанаты төрағасының орынбасары Юлия Лагуткина, «Возрождение» немістер қоғамының «Диамант» неміс жастары клубының төрайымы Анастасия Киреева, «Акбузат» башқұрт этномәдени бірлестігінің жастар қанатының төрағасы Ангелина Медведева, «Polacy» ҚБ жастар қанатының төрағасы Виктория Миленко және «Ассамблея жастары» елордалық мүшелері бір-бірімен пікір алмасып, референдум аясында өткізіліп жатқан жастармен түсіндіру жұмыстарының негізгі басымдықтары талқылап, уақыт талабына сәйкес конституциялық реформалардың маңыздылығын атап өтті.

You may also like...