(KAZ) МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ УНИВЕРСИТЕТ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Ли Астана қаласындағы «Тұран-Астана» университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және магистранттарымен кездесті.

Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Виссарионович 5 мамырда өтетін жалпыхалықтық референдумда еліміздің Конституциясына енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңірек түсіндірді.

«Конституциялық Кеңестің алдағы конституциялық сотқа ауысуы бұл азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытудағы маңызды қадам. Қазіргі уақытта біз біртұтас еліміздегі бейбітшілік пен келісімді бағалауымыз керек», – депутат.

Кездесу барысында мәжілісмен университет оқытушыларының сұрақтарына жауап бере отырып, баршасын референдумға ұсынып отырған түзетулерге қатысты өз еркін білдіруге шақырды

Сондай-ақ, кездесуде интернет-алаяқтықтың алдын алу, қандай да бір проблемалар туындаған жағдайда оларға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.

You may also like...