(KAZ) ЕЛОРДАДА ЖАҢА ДОСТЫҚ САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы қазандағы ҚХА отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде барлық өңірлерде Мемлекет басшысының экологиялық бастамаларын іске асыру мақсатында ағаштар отырғызылып, Достық скверлері ашылуы болатын.

Бүгін Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері «Алматы» ауданымен бірлесіп Жерұйық-2 саябағында сенбілік ұйымдастырып, тал көшеттерін отырғызды. Сенбілікке арналған орын елордалық Достық үйінің жанында таңдалды. Экологиялық сенбілікке қатысушылар «Достықтың жаңа саябағын» ашты.

Сенбілікке Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі М. Әзілханов, Астана қаласының әкімі А.Көлгінов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚХА атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Алматы» ауданының өкілдері, жастар, сондай-ақ елорда тұрғындары қатысты.

Сенбілікке қатысушылар көгалдандыру, тазарту – бұл санитарлық талаптарды сақтау ғана емес, сонымен қатар біздің ортақ мәдениетіміз екенін атап өтті.

Жасыл кеңістіктермен қоршалған қаланың сәулеті, сондай-ақ пайда болған жаңа Достық алаңы, сөзсіз, қала мен оның тұрғындарының меншігіне айналады.

Елордада «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында 16 сәуір мен 16 мамыр аралығында елордада экологиялық айлық өткізіледі, оның барысында жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастыру, сондай-ақ ағаштар отырғызу жоспарлануда.

You may also like...