Астана қаласының Достық үйі

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға, мәдениеттерді өзара байытуға, этностардың әдет-ғұрыптарын, дәстүрлері мен тілдерін сақтауға және дамытуға бағытталған. Ассамблея мәдени-ағарту және шығармашылық жұмыстар жүргізеді, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Елордалық Достық үйі – Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының бетке ұстар айнасы. Мұнда халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі. Достық үйінде 23 этномәдени бірлестік, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ орналасқан. Ассамблея құрылымында 10 этнолингвистикалық мектеп, Қоғамдық келісім кеңесі, Медиация кабинеті, Ғылыми-сараптамалық топ, Аналар кеңесі, шығармашылық ұжым, «Ассамблея жастары» РЖҚ қалалық штабы, Ақсақалдар кеңесі, «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы, «Аналар аманаты» қолөнер шығармашылық орталығы, «Мәміле» қазақ ситуациялық пікірсайыс клубы, «Жыр орталығы», АНК live тікелей эфир студиясы, дыбыс жазу студиясы бар.


- Новости -

(KAZ) 🌲Қалалық Достық үйінде балаларға арналған жаңа жылдық қайырымдылық шырша мерекесі…

Monday December 29th, 2025

Sorry, this entry is only available in KAZ. 🌲Қалалық Достық үйінде балаларға арналған жаңа жылдық қайырымдылық шырша мерекесі өтті Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жылдық...

Жыл қорытындысы 2025 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы және елорда үшін…

Friday December 26th, 2025

Жыл қорытындысы 2025 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы және елорда үшін айрықша жыл болды. ҚХА-ның 30 жылдығын атап өту аясында Астанада түрлі бағыттарды қамтыған 60-тан астам ірі бастама жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы елордалық Достық үйінде...